«АЛТЫН ДОП» БҰЙЫРМАҒАН АЛЫПТАР

01.08.2014, 05:15
«АЛТЫН ДОП» БҰЙЫРМАҒАН АЛЫПТАР
  Футбол тарихында алтын допты алмаған аңыз футболшылар өте көп.Жасыл алаңда ерекше ойынымен көзге түсіп , кереметтей гол соғып, футболдық мансабында барлық трофейлерді ұтқанымен тек олардың қоржынына «Алтын доп» бұйырмаған екен.Міне сол футболшылар жайлы алдағы мақаладан толық оқи аласыздар. Рауль – «Реал Мадридпен» бірге алты дүркін Испания пример лигасының жеңсе және үш дүркін Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды.Чемпиондар Лигасында 71 гол соғып, бомбардирлер тізімінде көш бастап тұр.Бұл рекордты әлі ешкім жаңарта алмай келуде.Гонсалестің «алтын допты» алуға 2001 жылы мүмкіндігі болған еді дәл сол жылы Фифа ұжымы Ливерпульдың жас форфарды Майкл Оуэнге «алтын допты» берген болатын. Паоло Мальдини – әлемдегі үздік қорғаушылардың бірі , футболдағы мансабында «Миланда» ғана өнер көрсеткен.Бес рет «Миландықтармен» бірге Чемпиондар Лигасын , Еуропаның суперкубогын , құрлық аралық әлем чемпионатын және тағы да басқа трофейлерді ұтқан. Мальдиниға «алтын допты» алу бақыты 1994 және 2003 жылдары бұйырды.Бірақта футболшының сол сәттерде бағы жанбай «алтын допты» ала алмай қалған болатын Тьерри Анри – Әлем чемпионы, Еуропа чемпионы , Англия , Испания және Франция лигаларын жеңген, Чемпиондар Лигасының жеңімпазы, «Алтын бутсының» иегері және «Арсеналдың» аңыз ойыншысы.Анри бұл аталған барлық трофейді жеңген.Егерде 2006 жылы «Арсенал» Чемпиондар Лигасының финалында жеңілмегенде және Әлем чемпионатында топ жарғанда мүмкін «Алтын допты» алып кетуі әбден мүмкін еді. Роберто Карлос – өзінің дәуірінде үздік қорғаушылардың бірі болған.Алынбас асуға айналған тас қамал қорғаушы ретінде талай шабуылшының есінде сақталып қалған.2002 жылы Бразилиямен бірге әлем чемпионы, «Реал Мадридпен» бірге Чемпиондар Лигасының жеңген болатын.Алайда осы бір айтылып отырған аңыз футболшығада «Алтын доп» бұйырмаған еді. Дэвид Бекхэм – бір сөзбен айтқанда өте талантты футболшы болатын.Барлық 20 жылдық футболдағы мансабында 540 ойын өткізіп , 97 гол соққан.Ол миллиондаған адамдардың кумиріне айналған.Айып соққысын орындаудан мүлт жібермеген.1999 жылы «Алтын допқа» таласта мүмкіндігі болғанымен Ривалдо бұл тартыста жеңіп шығады.2001 жылы тағыда тартысқа түскенімен бұл жолы Майкл Оуэнге жол беріп қойды.   Нұрахметов  Ерден
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×