Еуропа Лигасы. «Кеншілердің» жарқын жеңісі. «Шахтер» - «Хайдук» 4:2

31.07.2014, 23:42
Еуропа Лигасы. «Кеншілердің» жарқын жеңісі. «Шахтер» - «Хайдук» 4:2
Бүгін қарағандылық «Шахтер» Еуропа лигасындағы үшінші іріктеу кезеңі аясында өз алаңында «Хайдук» командасын қабылдады. Алғашқы он минутта доп басымдығы қонақ командада болды. Алайда 10-шы минут та Вичюстің «алтын қолы» гол әперді. Оның ауттан асырған пасын Топчагич сәтті пайдаланып, есепті ашты. Қарымта шабуылға шыққан «Хайдук» ойыншылары таразы басын теңестіріп кете жаздады. Қатарынан екі мәрте жасалған соққыны Мокин шеберлі к танытып, қайтара білді. Ұланның ұмтылысы да қауіпті шықты. Әуелетіп пас алған Ұлан алдындағы бір қорғаушыны айналып өтіп, соққы жасағанымен оған дәлдік жетіспеді. Ойынның ең қызығы енді басталғандай, екі минут ішінде қос команда бір-бір голдан соқты. Алдымен 19-шы минутта «Хайдук» ойыншысы Готаль Сандро кенеттен жақын бұрыштыққа соққы жасап, Мокинді қапы қалдырды. Ал қарымта шабуылға шыққан «кеншілер» есепте тағы да алға шықты. Әдеттегідей Вичюстің ауттан лақтырған добына жеткен Финонченко гол соқты. Есеп 2:1 алаң иелеренің пайдасына. Бұдан кейін іліп аларлық шабуылдар болған жоқ. Екінші тайм қонақтардың қарқын шабуылымен басталды. Готаль 51-ші минутта Мокинмен жеке шыққанымен, «кеншілердің» қақпашысынан айласын асыра алмады. Оның қақпаға екі метр жерден жасаған соққысын Мокин тоса білді. Кезекті шабуылда Ұлан Қонысбаев айып алаңының сыртынан жойқын соққы жасады. Алайда Ұланның қақпа «тоғыздығына» иіре тепкен добын Стипица сәтті қайтарды. 69-шы минутта Қонысбаев қақпашымен жеке дара шыққанымен «Хайдук» қақпашысынан тағы да айласын асыра алмады. Бұрыштама добы көтерілгеннен кейін Джидич бәрінен биік секіріп, допты баспен қақпаға бағыттады. Стипица бұл соққыны қайтарып үлгермеді. Осылайша Кумыков шәкірттері тағы гол соғып, есеп айырмасын ұзартты. 78-ші минутта доп Мақсат Байжановтың қолына тиіп, «кеншілердің» қақпасына 11 метрлік айыпдобы белгіленді. Цакташ Мокиннен айласын асырып, өз мүмкіндігін пайдаланды. Соңғы он минутта Виктор Кумыков алаңға қос бірдей шабуылшыны қосты. Соңғы минутта жасыл алаңға шыққан Жанғылышбай есепті еселеп кетті. Тоқтар ортадан пас алып, қақпаның алыс бұрыштығын дәл көздеді. Еуропа Лигасы. Үшінші іріктеу кезеңі «Шахтер» (Қарағанды) - «Хайдук» (Хорватия) 4:2 (2:1) Голдар: 10' Михрет Топчагич (1:0), 19' Сандро Готаль (1:1), 21' Андрей Финонченко (2:1), 71' Алдин Джидич (2:1), 80' Мийо Цакташ (2:1), 90'+4 Жанғылышбай (4:2), Бас төреші: Алияр Агаев (Әзірбайжан) «Шахтер»: Мокин, Порываев, Джидич, Малый, Масло, Вичюс, Қонысбаев, Покривач, Киров, Топчагич, Финонченко «Хайдук»: Стипица, Миканович, Милич, Йозинович, Малоча, Анджелкович, Влашич, Цакташ, Брадарич, Готаль, Куасси www.prosport.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
"Астана" тең түсті
Серіктес жаңалықтары
×