"Астана" тең түсті

01.08.2014, 04:57
"Астана" тең түсті
"Астана-Арена" стадионында Астана мен АИК арасындағы Еуропа лигасының 3-іріктеу кезеңі аясындағы матч болып өтті. Өз алаңында жеңіске жетуді көздеген елордалықтар тең нәтижені қанағат тұтуға мәжбүр болды. Ойынның небәрі 9-минутында Наиль Бауи айып алаңына еніп, алыс бұрышқа соққы жасады. Оның алдында тұрған қорғаушы мен қақпашы Ненад Ерич те бқл соққыға тойтарыс бере алмады. Жылдам соғылған голдан сенімділік алған шведтер қорғанысты мықтап ұстап, асықпай ойнай бастады. Бірақ, толассыз жасалынған шабуылдардың бірінде "Астана" командасының шабуылшысы Таңат Нөсербаев есепті теңестіріп кетті. Бірінші тайм осылай аяқталып, футболшылар үзіліске кетті. Екінші таймда астаналықтар одан әрі шабуылдай түсті. Жуковтың орнына алаңға кірген Твумаси қаптал арқылы бірнеше шабуыл жасады. Бірақ, оның барлығы да нәтиже бермеді. Тіпті, бос қақпаның алдына келіп оның қайшылай тепкен добы да аспанға ұшты. Осылайша өз мүмкіндіктерін голға айналдыра алмаған "Астана" енді жауапты матчты тағатсыздана күтеді. Елдос АХМЕТОВ "Астана" командасының қорғаушысы - Жауапты матчта қолдан келгеннің барлығын жасайтын боламыз. Бүгін қарсыластарымыз бір ғана шабуыл жасап, бір гол соғып кетті. Енді оның есесін Стокгольмдегі ойында қайтаруға тырысамыз. Станимир СТОЙЛОВ "Астана" командасының бас бапкері - Бұл матчтың нәтижесі 3-1 болуы керек еді. Өкінішке қарай, гол соғаттын сәттерді іске асыра алмадық. Жауапты ойын барлығын шешпек.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×