Марат Хайруллин жаңа жетістігін бағындырды

31.07.2014, 23:19
Марат Хайруллин жаңа жетістігін бағындырды
Кеше Чемпиондар лигасының үшінші електік кезеңінде бухаресттік «Стяуаға» қарсы ойында «Ақтөбе» сапынан алаңға шыққан Марат Хайруллин ел клубтары қатарында еурокубок додаларында ең көп өнер көрсеткен футболшылардың көшін бастады. Осыған дейін бұл тізгінді бермей келген оның командаласы Петр Бадло жаңа еурокубоктык ойындарға жарақатына байланысты әлі қатысқан жоқ. 30 жастағы жартылай қорғаушы кеше еурокубоктағы 36-шы кездесуін өткізді. Сонымен қатар, Марат Чемпиондар лигасының електік кезеңіндегі үздік нәтижелі пас шығарушылардың қатарынан да табылып отыр. 2014/2015 жылғы маусымдағы додадағы оның берген 3 пасы командаға нәтиже сыйлаған. Еурокубок додаларына ең көп қатысқан футболшылар: 1.​ Марат Хайруллин — 36; 2.​ Пётр Бадло — 35; 3.​ Самат Смақов — 34; 4.​ Эмиль Кенжисариев — 33; 5.​ Андрей Сидельников — 31; 6.​ Юрий Логвиненко — 26. Естеріңізге сала кетсек, «Ақтөбе» кеше өз алаңындағы бірінші ойында румындық «Стяуамен» 2:2 есебімен тең тарқасқан болатын. Қарымта кездесу 6 тамыз күні сырт алаңда өтеді. massaget.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×