Алтынның тағдыры "Астананың" қолында

26.10.2015, 02:09
Алтынның тағдыры "Астананың" қолында
Станимир Стойлов командасы Алматыда "Қайратты" тізе бүктірді Ел Премьер-Лигасының 30-шы турында турнир көшбасшысы алматылық "Қайрат" Астананы" қабылдаған еді. Екі астананың арасындағы матчтың тағдырын бір гол ғана шешті. Жеңісті голды бірінші тайм аяқталар тұста "Астана" капитаны Нөсербаев соқты. Ел чемпионатында "Қайрат" енді екі ойын өткізсе, "Астана" үш ойын өткізеді. Елордалықтар үш кездесуді де өз алаңында өткізбек. Бір сөзбен чемпиондықтың тағдыры елордалық ұжымның қолында. Станимир Стойлов шәкірттері "Астана-Аренадағы" үш матчта да ұпай жоғалтпаса болғаны. Қазақстан Премьер-Лигасы. 30-шы тур "Қайрат"-"Астана" 0:1(0:1) Гол: Нөсербаев 45+1 "Қайрат": Плотников; Плиев, Гурман, Соарес, Қуантаев(Маркович,86); Тимощук, Бакаев, Исаэль(Исламхан,15), Виталий Ли, Риера; Гоу "Астана": Эрич; Постников, Илич, Аничич(Кабананга,83), Шомко; Жуков, Каньяс, Максимович, Жолшиев(Бейсебеков, 77), Кетевоама(Твумаси,70), Нөсербаев

Турнир кестесі.

 

 
1  ҚАЙРАТ 30 18 7 5 55-19 39
2  АСТАНА 29 17 7 5 49-25 37
3  АҚТӨБЕ 30 15 9 6 35-21 32
4  ОРДАБАСЫ 30 12 10 8 32-28 29
5  ЕРТІС 30 10 10 10 37-37 25
6  АТЫРАУ 29 9 12 8 28-29 21

 

7-12 орындар.

 

7  ТОБЫЛ 30 11 6 13 31-40 27
8  ОҚЖЕТПЕС 30 11 6 13 35-40 26
9  ТАРАЗ 30 10 7 13 24-29 25
10  ШАХТЕР 30 8 5 17 24-46 20
11  ЖЕТІСУ 30 6 6 18 24-45 16
12  ҚАЙСАР 30 4 11 15 18-33 15

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×