Манчестер дербиі тең аяқталды

26.10.2015, 03:31
Манчестер дербиі тең аяқталды
"Манчестер Юнайтед" пен "Манчестер Сити" арасындағы кездесу голсыз аяқталды. "Олд Траффордтағы" матч жанкүйерлер үмітін аяқтаған жоқ. Бірінші таймда қос команда шабуылдауға тырысқанымен, қақпаға соққы бағытталмай-ақ қойды. Екінші таймда алаң иелері үш ұпай алуға ұмтылған еді. Алайда, "қалалықтардың" қорғанысы сыр берген жоқ. Бір мәрте Пеллегрини командасын қақпа маңдайшасы голдан аман алып қалды. Қонақта бір ұпайды қоржынға салған, "Манчестер Сити" "Арсеналмен" ұпай санын теңестіріп, бірінші орынға шықты. Екі команданың да еншісінде 22 ұпайдан. Ал, "Манчестер Юнайтед" 20 ұпаймен 3-ші орынды "Вест Хэммен" бөлісіп тұр. АПЛ. 10-шы тур. Манчестер Юнайтед — Манчестер Сити 0:0
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×