Владимир Вайсс: "Әлі мүмкіндік бар"

26.10.2015, 03:51
Владимир Вайсс: "Әлі мүмкіндік бар"
Алматылық Қайраттың бас бапкері Владимир Вайсс "Қайрат" пен Астана арасындағы ойыннан кейін өз ойымен бөлісті. -Маңызды ойында есе жібердік. Бұл ойында бірінші орын тағдырының 70 пайызы шешілген еді. Алайда, математикалық тұрғыдан мүмкіндік әлі де бар. Исламханда гол соғатын жақсы мүмкіндіктер болды. Оларды міндетті түрде голға ұластыру керек. Әйтпесе, жеңіске жетудің жолы қиын. Ойынның басында Исаэльден айырылдық. Осы жайт та матчтың барысына әсер етті. Команданың түсіністігіне, стандартты жағдайларға-қысқасы, бәріне. Меніңше, Исаэль-Қазақстандағы ең үздік футболшы. Матчтың аяғында екі орталық қорғаушымызды шабуылға жіберіп тәуекелге бардық. Алайда, Исламхан мүмкіндіктерді пайдалана алмады. Дегенмен, оның шеберлігіне күмәніміз жоқ. Жуков пен Лиді салыстырар болсақ, Жуковтың деңгейі бір бас жоғары. Ли бүгін барлық жағдайда есе жіберіп жатты. Шабуылда бүгін, маусым барысындағыдай ойнай алмадық. Жеңілістің себебі-осы. "Астанаға" сәттілік тілеймін, дегенмен футболда тосын сый көп болады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×