Андреа Пирло «Ювентуспен» келісім - шарт мерзімін ұзартты

12.06.2014, 07:06
Андреа Пирло «Ювентуспен» келісім - шарт мерзімін ұзартты
 Италия ұлттық құрамасының 35 жасар ойыншысы және «Ювентус» командасының жартылай қорғаушысы Андреа Пирло Туринде 2 жыл доп теппекші.  Келісім - шарт мерзімі 2016 жылдың 30 маусымына дейін жасалды. 2011 жылы «Миланнан» «Ювентуске» ауысып келген футболшы, туриндік клуб сапында  99 ойын өткізіп, 13 голды өз еншісіне жазған. «Ювентуспен» 3 рет Италия чемпионы атанған.   Абылайхан ЖҰМАШ  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×