Лукаку «Атлетикоға» ауысуға жақын

12.06.2014, 06:33
Лукаку «Атлетикоға» ауысуға жақын
«Эвертон» командасына жалға берілген, лондондық «Челсидің» шабуылшысы Ромелу Лукаку футболдағы мансабын  Мадридте жалғастыруы мүмкін.  London Evening News  интернет басылымының мәлімдеуінше, 21 жасар футболшыға қызығушылық білдірген «Атлетико» басшылығы «көк жолақтылармен» ортақ мәмілеге келуде. Ал «Челси» командасы Диего Костаны өз қатарларынан көргісі келеді. Лукаку өткен маусымда «Эвертон» сапында 34 ойын өткізіп, 17 голдың авторы атанған.     Абылайхан ЖҰМАШ  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×