Ақпараттық хабарлама

30.05.2011, 18:50
Ақпараттық хабарлама
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы және Қазақстанның футбол Федерациясы сіздерді  Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай өткізіліп отырған  «ҚазМұнайГаз» кубогына  шағын футболдан республикалық балалар турнирінің жабылу рәсіміне шақырады. Турнир Қазақстанда бұқаралық балалар спортын дамыту және балалар мен жасөспірімдер футболын көпшілікке дәріптеу аясында өткізілуде. Турнирге Астана, Шымкент және Павлодар қалалары қалалық турнирлерінің жеңімпаз-командалары қатысады. Турнирдің жабылу рәсіміне «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы Қ.Қабылдин, «Шығыс» балалар жасөспірімдер орталығының директоры Н.Тәженов және басқалар қатысады. Қалалық турнирдің салтанатты жабылуы 2011 жылдың 31 мамырында № 28 орта мектебінің аумағында сағат 12.00 –де болады. Мекен-жайы: Астана қаласы, Петров көшесі, 8 (1 шағын аудан). «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қоғаммен байланыс департаменті, Қазақстанның футбол Федерациясы Қосымша (Турнир туралы қағида) Қатысуыңызды мына телефондар бойынша растауыңызды сұраймыз: Бахытжан Тоимбек, 97 63 36, 8 702 222 0008, B.Toimbek@kmg.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×