ФИФА Блаттерді ақтап алды

30.05.2011, 20:07
ФИФА Блаттерді ақтап алды
Сайлаудың алдында сан түрлі айыптаулар мен жалған жалалардың болатыны рас. Сол секілді 1-маусымда өтетін ФИФА президентін сайлауға байланысты өзін ұсынып отырған кандидаттар Зеп Блаттердің жемқорлықпен байланысы бар деген ақпарат таратты. ФИФА-ның тәрбиелік кодексіне қауіп төнді деген комитет бұл мәселемен бел шеше айналысты. Нәтижесінде, Азия конфедерациясының президенті Мұхаммед бин Хаммам мен ФИФА-ның экс-президенті тарапынан жабылған жала негізсіз деп табылып, Блаттер билігінің өкілеттілігіне шәк келтірген жоқ. Қайта жала жабушыларды ФИФА президенттігіне үміткерлердің санатынан алып тастады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Ақпараттық хабарлама
Келесі жаңалық
«Барселона» – чемпион
Серіктес жаңалықтары
×