Ақшаң болса қалтаңда...

16.08.2011, 09:59
Ақшаң болса қалтаңда...

Қазақстандық клубтардың Еуропадағы жорығы биыл да аса қатты табысты бола қойған жоқ. Топтық кезеңге 1 командамыз қашан шығар екен деумен әлі келеміз. Еуропаға кіргенімізге 10 жыл болса да, оңды нәтижені көре алмай жүрміз. Абройымызды асқақтатанын да, айрандай шашатын да «Ақтөбе» биыл да таяқ тастам жердем кері қайтты. Өзге клубтарымыз ішінен «Шахтер» қуантты. Өз отандастарымыздың жеңісті жолы тәмәмдалған соң, амалсыз өзгелердің өнеріне мән қоямыз. Еуропа лигасы мен Чемпиондар лигасының биылғы жүлде қоры мен «кәрі құрлық» командаларының қалтасына үңілсек. Еурожарыстардан түсетін ақшаның айналысын бағамдасақ.

Биылғы командалардың сыйақы ретінде алатын ақшалары өткен маусымда түскен қаржының есебінен кететінін ескерте айта кеткіміз келеді. УЕФА тәртібі бойынша өзге де ұпай бөлісу, рейтингтік жағдайлар маусым соңынан кейін есепке алынатыны бұрыннан белгілі жәйт.

Топтық кезеңге түскен командалардың барлығы 3,8 млн еуродан алады. 32 командаға берілетін бұл ақшаға үстемелете берілетін тағы да қаржылар жеткілікті. Мысалы, топ ішілік ойындарда әр команда өткізген бір ойыны үшін 550 мың еуроға ие болады. Ал команда жеңіске жетіп жататын болса онда оған тағы 800 мың еуроны қосыңыз. Тең түскен жағдайда қос команда 400 мыңға иелік етеді. Сонда міндетті түрде ойнауға тиіс алты ойын үшін команда 330 мың еуро алады. Сонда жалпылама есептесек, бір команда кем дегенде топтық кезең барысында 10 млн. Еуроны қалтаға басуы ықтимал. Егер де қазақстандық бір клубқа осындай бақыт бұйырар болса, онда ол клубымыз өзінің келер жылғы бюджетін толықтай өз еңбегімен ақтап алуы мүмкін. Біздің футболда команда өз еңбегімен тым құрыса өзінің шығынын жабуы өте керемет жағдайға саналады. Ал, «Манчестер Юнайтед», «Барселона» секілді клубтар бір маусымда қаншама пайда түсіретінін ойлап бағамдай беріңіз.

«Ақтөбенің» өткен жылы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтетін жақсы мүмкіндігі болған еді. Енді келер жылығы ел чемпионының осы турнирде арыға баратынына сену ғана қалып отыр.

Топтық кезеңді артта тастап, 1/8 финалға шыққан 16 ұжым осы сатыға өткендері үшін 3 млн. еуро сыйақы алады. Егер тағы да турнир барысымен алға жылжып, ширек финалға шықсаңыз сізді 3,3 млн. еуро күтіп тұр. Еуропа лигасы мен Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққандарға тағайындалған 4 млн. еуро да аз қаражат емес.

Турнирдің жеңімпазы болған «Барселона» тағы тоғыз млн. еуроға қарық болды. Ақтық сында сүрінген «МЮ» 5,2 млн.еуромен қанағаттанды.

Топтық кезеңдегі 6 ойында да жеңіске жеткен команданы 11,9 млн.еуро күтіп тұр. Одан кейін 1/8 финалға шыққаны үшін тағы үстеме қосылып бұл сомаңыз 14,9 млн.еуроға көбейеді.

Өткен маусымда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңдері мен Суперкубок жарысының өзіне жүлде қоры ретінде 413,1 млн.еуро жұмсалған болатын.

Суперкубокты жеңген команда 2,5 млн.еуро алатын болса, жеңілген ұжымға 2 млн.еуро бұйырады.

55 млн.еуроға жуық қаржы қос турнирдің плэй-офф кезеңіне қатысқан командаларға жұмсалды. Сонда осы кезеңге жолдама алған 20 ұжым 2,1 млн.еуродан алды деген сөз. Осының алдыңғы жылы «Ақтөбе» осы кезеңде өнер көрсетіп, голландиялық «АЗға» жеңіліп қалғаны есімізде. Ал осы кезеңге жете алмай қалған клубтарға 10,3 млн.еуро бөлініп беріледі.

"Аладоп.кз" сайтының редакторы,

Ермұхамед МӘУЛЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×