Қазақстан жастар құрамасы (U-17) Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізуде

16.08.2011, 05:22
Қазақстан жастар құрамасы (U-17) Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізуде
Қазақстан жастар құрамасы (U-17) 14-21 тамыз аралығында Литвада өтетін  "Паланга кубогіне" дайындық ретінде  Талғар қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Қазақстан жастарын жаттықтыру Николай Стоякин және оның әріптесі Оливер Пельцерге тапсырылды. Осы жаттығу жұмыстарының нәтижесін анықтау  мақсатында  жастар құрамамыз 20-тамызда «Цесна» клубымен жолдастық кездесу өткізеді. Қазақстан жастар құрамасы (U-17) : Қақпашылар : Владислав Фролов («Оқжетпес»), Михаил Голубничий («Ертіс»), Андрей Арабок (ЦСКА) Қорғаушылар: Жошыхан Қанатов («Қайрат»), Мадияр Нұралы («Тараз»), Дмитрий Моисеев («Шахтер»), Қасымжан Таипов («Цесна»), Әділет Құдайберген («Тараз»), Қасым Шаймұрат (ЦСКА), Руслан Жанысбаев («Каспий») Жартылай қорғаушылар: Владимир Воменко («Ертіс»), Иван Антипов («Ақжайық»), Рафаэль Алиев («Ертіс»), Олег Лебедев («Оқжетпес»), Әнуар Жағыппар («Цесна»), Әлішер Сүлей («Тараз»), Амемжан Тұржанов («Қайсар»), Әділ Балғабаев («Астана»), Алмас Әбдрахманов («Тараз»), Алтынбек Сапаров («Атырау»), Рустам Сахибов («Ақтөбе») Шабуылшылар: Владислав Морозов («Восток»), Абат Айымбетов («Ақтөбе»), Борис Донченко («Цесна»), Біржан Сағындық («Ертіс») 22-тамыз күні Литваға сапар шегетін Қазақстан жастар құрамасы (U-17) А тобына түсті. Олар бұл турнирде Украина (23-тамыз), Литва (24-тамыз), Молдова (26-тамыз) құрамаларымен кездеседі. Қазақстан жастар құрамасы (U-17 өз тобында жақсы ойын өрнегін көрсетіп, келесі сынға өтер болса, В-тобында өнер көрсететін Әзірбайжан, Латвия, Беларусь және  Грузия құрамаларының  ішінен жеңімпаз атанған қос құраманың бірімен өнер көрсетеді. Ақтық ойын 27-тамыз күні өтеді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
1-лига. 22-тур
Келесі жаңалық
Ақшаң болса қалтаңда...
Серіктес жаңалықтары
×