«Ақсу» шабуылшысы қатарынан сегіз ойында гол соқты

29.08.2021, 21:09
Шабуылшы Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды.
«Ақсу» шабуылшысы қатарынан сегіз ойында гол соқты

"Ақсудың" шабуылшысы Мирас Тұрлыбек бірінші лигада қатарынан сегіз ойында гол соқты.

20 жастағы шабуылшы 27 мамырда "Қайрат-Жастарға" гол соқты, ал содан кейінгі сегіз ойында тоғыз рет қарсылас қақпасын дәл көздеді. 15-турда "Қызыл-Жар" жастарымен болған матчта Тұрлыбек есеп ашты, ал "Ақсу" бұл ойында 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Жалпы алғанда, соңғы 11 ойында қазақстандық шабуылшы 14 гол соғып, үздік сұрмергендер тізімінде көш бастады. Ал 31 ұпаймен "Ақсу" Бірінші лигада үшінші орында келе жатыр.

Айта кетейік, Мирас Қазақстан жастар құрамасының алдағы оқу-жаттығу жиынына шақырту алды. Жастарымыз 7 қыркүйек күні Даниямен күш сынасатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×