Лионель Месси бүгін ПСЖ сапында дебют жасауы мүмкін

29.08.2021, 22:19
Месси бүгінгі ойынға арналған өтінімге енді.
Лионель Месси бүгін ПСЖ сапында дебют жасауы мүмкін

Шабуылшы Лионель Месси Франция чемпионатының 4 турындағы "Реймске" қарсы өтетін матчқа арналған "Пари Сен-Жерменнің" өтініміне енгізілді, деп хабарлайды француз клубының баспасөз қызметі.

ПСЖ-ның бүгінгі ойынға шақырту алған ойыншылары: Доннарумма, Навас, Хакими, Кимпембе, Маркиньос, Верратти, Мбаппе, Паредес, Неймар, Ди Мария, Данило, Вейналдум, Эррера, Диалло, Дракслер, Керер, Гейе, Калимуэндо, Месси, Битумасала, Франки, Эбимбе.

"Реймс" пен ПСЖ арасындағы матч бүгін, 29 тамызда Реймстегі "Огюст Делоне II" стадионында өтеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 00:45-те басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×