«Ақсудың» қос ойыншысы Қазақстсн жастар құрамасына шақыртылды

01.06.2022, 19:00
Жастарымыз осы айда екі матч өткізеді.
«Ақсудың» қос ойыншысы Қазақстсн жастар құрамасына шақыртылды

«Ақсу» командасының ойыншылары Дамир Марат пен Мирас Тұрлыбек Қазақстан жастар (U-21) құрамасының ЕУРО-2023 іріктеу кезеңіндегі алдағы ойындарына шақырту алды, деп хабарлайды павлодарлық клубтың баспасөз қызметі.

Іріктеу кежеңі аясында Тұрлыбек жастар құрамасы үшін 2 кездесу өткізсе, Марат әлі бірде-бір матчқа қатысқан жоқ.

Еске салайық, 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 4 маусымда Данияға қарсы ойнаса, 10 маусымда Түркияға қарсы топтағы соңғы матчын өткізеді. Екі кездесу де сырт алаңда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×