«Реал Мадридтің» бас бапкері «Монако» футболшысына көз тікті

01.06.2022, 18:17
Карло футболшымен телефон арқылы сөйлескен екен.
«Реал Мадридтің» бас бапкері «Монако» футболшысына көз тікті

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти «Монаконың» жартылай қорғаушысы Орельян Тчуамениге телефон соғып, футболшыны өз командасында көргісі келетінін айтқан.

Marca басылымының хабарлауынша, француз ойыншысы өзінің позициясында Тони Кроос, Лука Модрич, Федерико Вальверде, Каземиро және Эдуардо Камавинга секілді ойыншылар бар болғандықтан, мадридтік клубтағы болашағына күмәнданған. Бірақ Карло Тчуамениге «Реал Мадридтің» ойынына үлкен өзгеріс енгізе алатынын айтқан.

22 жастағы Тчуамени «Бордоның» түлегі. Ол 2020 жылдың қаңтарында «Монако» командасына ауысты. Франциялық клуб үшін жартылай қорғаушы 95 матчта сегіз гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. Орельянның «Монакомен» келісім-шарт мерзімі 2024 жылы аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×