«Ақтөбе» Чемпиондар лигасының үздік тоғыздығына ілінді

01.08.2014, 19:06
«Ақтөбе»  Чемпиондар лигасының үздік тоғыздығына ілінді
Уефаның дәл қазіргі статистикасы бойынша «Ақтөбе» гол соғу жағынан 9 – орынға тұрақтады. Ақтөбеліктер үш матчта 6 гол соғып, өз қақпаларына екі гол жіберген. Бірінші матчты тбилисилік «Динамоға» қарсы өткізген Владимир Газзаев шәкірттері екі ойында да қақпаларына гол жібермей жеңіске жеткен болатын. Үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында румыниялық «Стауяны» қабылдап, 2-2 есебімен тең тарқасты. Бұл көштің тізімін іріктеу кезеңдерінде 12 гол соққан «Спарта» футбол клубы бастап тұр. Екінші орында 10 голмен польшалық «Легия» клубы тұрса, үздік үштікті 9 голмен Эстониялық «Левадия» клубы түйіндеп тұр. 1) Чехиялық "Спарта" - 12 гол 2) Польшалық "Легия" - 10 гол 3) Эстониялық "Левадия" - 9 гол 4) Әзірбайжандық "Карабах" - 7 гол 5) Фарерлік "Торсхавн" - 7 гол 6) Сербиялық "Партизан" - 6 гол 7) Шотландиялық "Селтик" - 6 гол 8) Молдавиялық "Шериф" - 6 гол 9) Қазақстандық "Ақтөбе" - 6 гол 10) Болгариялық "Лудогорец - 5 гол
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×