ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫ — 2014 (U-19). ГЕРМАНИЯ — ҮЗДІК

01.08.2014, 19:38
ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫ — 2014 (U-19). ГЕРМАНИЯ — ҮЗДІК
19 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының финалында «Португалия мен Германия жастары кездескен болатын. Алғашқы таймның 39 минутында немістер сапынан Мұхтар есімді жас футболшы есеп ашты. Ойын барысында немістердің португалдық жастардан гөрі ширақ қимылдағаны көрініп-ақ тұрды. Бірақ екінші тайм бастала салысымен Криштиану Роналдудың ізбасарлары неміс қақпасын торуылдаумен болды. Алайда олардың шабуылынан еш нәтиже шықпады. Осымен екінші рет Маркус Зорга шәкірттері ЕЧ алып отыр. Бұдан бұрын олар 2008 жылы осы кубокті иеленген еді. Естеріңізге сала кетейік, бұл матчта қазақстандық лайсмен төрелік еткен. Германияның ұлттық құрамасы биыл Бразилияда өткен әлем чемпионатында да жеңіске жеткен. Нұрдәулет ДӘУКЕНОВ www.alaman.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×