«АҚТӨБЕ» «ҚАН ШЫҒАРМАЙ» ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ, «ЕРТІС» ЕРДЕН ТҮСІП ҚАЛДЫ

22.07.2011, 17:10
«АҚТӨБЕ» «ҚАН ШЫҒАРМАЙ» ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ, «ЕРТІС» ЕРДЕН ТҮСІП ҚАЛДЫ

«Ақтөбе» асып, «Ертіс» есеңгіреді. Бүгін Еуропа лигасының ІІ іріктеу кезең ойындары аяқталды. Павлодарда «Ертіс» күтпеген жерден грузиялық «Металургке» жол берсе, «Ақтөбе» өз алаңында «Кечкеметпен» тең түсті. Муханов шәкірттері тең нәтиженің арқасында ІІІ кезеңге шықса, «Ертіс» орта жолдан тоқтады. Ал түн ауа «Шахтер» шеберлігін байқаймыз. Керекуде «Ертіс» қалайда жеңіске жету керек еді. Алайда Руставиден келген команда бірінші матчта бір саусағын бүгіп ойнапты. Керекуде көсіле ойнаған «Металлургтың» матчтағы мәнеріне еріксіз бас шайқадық. «Ертісті» ерінен аударған грузиялықтар енді Францияға сапар шегеді. Ал біз үшін Франция арман һәм сағым болып қала берді. Керісінше, «Ақтөбе» ерледі. Артық күшсіз «Кечкеметті» жолда қалдырған («жеңген» дей алмаймыз, енді) Муханов шәкірттері «Аланиямен» күш сынасады. Ресейліктер тың күшке ие, сондықтан «Ақтөбе» бүгін көп күшті сарқыған жоқ. Тек баппен, реті келгенде шабуылдап керекті нәтижесіне қол жеткізді. «Ақтөбе» 28 шілде күні Ресейге аттанады. «Ертіс» (Павлодар) — «Металлург» (Рустави, Грузия) 0:2 (0:1) Голдар: Кобалия 23 (0:1), Модебадзе 57 (0:2) Ескертулер: Модебадзе 58 «Ертіс»: Цирин, Чернышов (Михайлюк 46), Кучма (Николич 62), Кулибали, Мальцев (Мальцев 60), Иванов, Заречный, Балажич, Даскалов, Сергиенко, Говедарица Қосалқы: Калмыков, Ахметов, Крюков, Асанбаев «Металлург»: Бедиашвили, Майсурадзе, Квахадзе, Размадзе, Кобалия (Кавтарадзе 75), Гецадзе (Татанашвили 64), Модебадзе, Джапаридзе, Микаберидзе (Ткемаладзе 79), Махвиладзе, Орбеладзе Қосалқы: Батиашвили, Павлиашвили, Ломая, Татанашвили, Мурвелашвили Төреші: Георгий Йорданов (Болгария) Павлодар. «Центральный». «Ақтөбе» (Ақтөбе) — «Кечкемет» (Кечкемет, Венгрия) 0:0 Ескертулер: Дьюрчо 12, Савич 45, Алемпиевич 53, Моль 73, Раданович 78 — Аверченко 90 «Ақтөбе»: Сидельников, Чичулин, Смаков, Хайруллин, Мане, Кенжисариев, Праймус, Ловиненко (Семенов 79), Малетич (Аверченко 90), Костич, Джилас (Лисенков 75) Қосалқы: Бойченко, Бадло, Сахалбаев, Хохлов «Кечкемет»: Рыбански, Раданович, Болог, Алемпиевич, Савич, Чукич (Доссо 84), Эбала (Бертуш 84), Фокси, Моль, Дьюрчо (Лицинги, Текели Қосалқы: Косо, Шимон, Дядя, Онтоль Төреші: Сергей Бойко (Украина) Ақтөбе. «Центральный».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×