"Ақтөбе" жаңа біріншілікке дайын ба?

19.02.2013, 17:53
"Ақтөбе" жаңа біріншілікке дайын ба?
images   Үстіміздегі жылдың наурыз айында футболдан ҚР жаңа біріншілігінің шымылдығы ашылады. Премьер-Лига және Бірінші лига командалары қысқы үзілісте деңгейінші трансфер жасап, ОЖЖ-да тер төгуде. Осы тұста ұжымдар өз білігін тексеру үшін достастық кездесулер ұйымдастыратыны да анық. «Қазақстандық Барселона» деген атты иемденген «Ақтөбенің» жаңа біріншілікке дайындығына көз салайық... Жыл сайын Түркия даласында дайындық өткізетін ақтөбеліктердің достастық ойындары көңіл қуантпайды. Қазақтың арда ұлы Смақов пен алты жыл тізгінін ұстаған Мұхановтың командадан кетуі кішігірім клубқа жаңартулар алып келді. Никитенко рөлді ұстағаннан бері «Ақтөбе» жолдастық кездесулерінде жарытып ойнай алар емес. Ендеше ақпан айында өткізілген осынау ойындарға тоқталсақ. Осы айдың алғашқы күні молдавиялық «Зимбрумен» жасыл алаңда түйіскен батысқазақстандықтардың ойыны бір гол соғуымен аяқталды. Әрине, қарсыластар да қарап қалмай, бір гол соққан болатын. Ақтөбеліктердің сапынан көзге көрінген – Марат Хайруллин. Анталия төріндегі екінші матч латвиялық «Атлантаспен» (Клайпеда) өтті. Бұл ойында қос клуб та қауіпті шабуылдар ұйымдастырып, аса қарқынды ойнай алмады. Сондықтан да, кездесуде есеп ашылмады: 0 – 0. Келесі ойында «Ақтөбе» чехияның Гамбринус-лигасындағы «Зброевкамен» күш сынасты. Айта кетерлік бір жәйт, бұл матчта қазақстандық клубтан бірнеше ойыншы ұлттық құрамаларының сапына кеткен болатын. Бұлар: Андрей Сидельников, Юрий Логвиненко, Марат Хайруллин, Тимур Кападзе, Марат Бикмаев, Александр Гейнрих, Сергей Ковальчук.  Көргендеріңіздей ақтөбеліктердің негізгі құрамы түгелдей дерлік ұлттық құрамасына кеткен еді. Сондықтан Никитенко алаңға екінші құрамдағы жас футболшылар мен сынақта жүрген ойыншыларды шығарды. Бұл ойын да тең есеппен аяқталды. Біздің команданың сапынан гол соққан – сынақта жүрген испаниялық ойыншы. Қарсыластарынан басым түсе алмай жүрген ақтөбеліктер соңғы достастық кездесуде ресейлік «Шинникпен» ойнады. Бұл кездесуде біздің ұжым қарсыластарының қақпасынан саңлау таба алмады. Алайда, көрші елдің «Шиннигі» допты бір мәрте «Ақтөбе» қақпасында тулатты. Үш ойын бойы тең түсіп келген батысқазақстандықтар соңғы кездесуде жеңіліс тапты. Осылайша Түркия төріндегі екінші ОЖЖ аяқталды. 18 ақпанда еліміздің төрт дүркін чемпионы үшінші ОЖЖ өткізу үшін Анталияға аттанды. Бұл уақытта жерлестеріміз бес спарринг өткізеді. 20 ақпанда «Ақтөбені» румыниялық клуб "Фарул" (Констанца) күтіп тұр. Араға екі күн салып Никитенко шәкірттері Словакияның жоғары дивизионындағы «Татранмен» кездеседі. Осы айдың 24 жұлдызында Нижний Новгродтың «Волгасымен» бақ сынасады ақтөбелік клуб. Келесі күні мәскеулік «Торппедомен» және 28 ақпанда Хабаровтық СКА-мен соңғы ойын өткізеді. Есет ТӨЛЕШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×