«Тобыл» Кислицынды 100 мың долларға сатқан

18.02.2013, 05:43
«Тобыл» Кислицынды 100 мың долларға сатқан
Қостанайда жергілікті журналистермен емен жарқын әңгімелесіп, бірқатар сұрақтарға жауап берген "Тобыл" футбол клубының директоры Талғат Баймұратов Александр Кислицынды "Қайрат" футбол клубына 100 мың АҚШ долларына сатқанын айтты. Қостанайда жергілікті журналистермен емен жарқын әңгімелесіп, бірқатар сұрақтарға жауап берген "Тобыл" футбол клубының директоры Талғат Баймұратов Александр Кислицынды "Қайрат" футбол клубына 100 мың АҚШ долларына сатқанын айтты. — Соңғы он жылда біз тек футболшыларды сатып алумен ғана айналысыппыз. Осы аралықта тек Ұлықбек Бақаевты ғана сатқанбыз. Енді футболшыларды сатып, пайда көруге болатынын да жақсы білеміз. Жақында қорғаушы Александр Кислицында "Қайрат" футбол клубына 100 мың АҚШ долларына саттық. Бұдан түскен пайда клубтың инфрақұрылымына жұмсалатын болады. Командаға бір автобус алатын шығармыз, - деді Баймұратов. Айта кетейік, әлемдік футбол нарығын зерттеп, сараптап, ойыншылардың бағасын анықтаумен айналысатын немістің transfermarkt.de сайты Александр Кислицынды 250 мың евроға бағалаған болатын. алашарена.кз
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×