«АҚТӨБЕ» ЖАНКҮЙЕРЛЕРІНЕ ҚҰЛАҚҚАҒЫС

10.07.2012, 19:52
«АҚТӨБЕ» ЖАНКҮЙЕРЛЕРІНЕ ҚҰЛАҚҚАҒЫС
   Алдағы бейсенбі, шілденің 12 жұлдызында, «Ақтөбе» клубының Европа Лигасындағы бірінші іріктеу кезеңінің қарымта кездесуі өтетіні белгілі. Сағат 21:00-де (Астана уақытымен) Орталық стадионда өтетін ойында грузиялық «Торпедо» командасына жергілікті жанкүйерлердің қаншалықты өз командасын сүйетінін көрсетейік.    «Ақтөбе» ФК өз жанкүйерлеріне өтініші айтады. «Ақтөбенің» өз алаңында киетін формасы қызыл-ақ түсті болуына байланысты стадионды дәс сол түспен көріктендірейік. Сондықтан жұп секторде (2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18) отыратын жанкүйерлер қызыл түсті киіммен келсін. Ал тақ секторден (1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17) билет алғандар ақ түсті киімде келуі керек. Бәріңізге де алдын ала рахмет!                                                                                               Есет ТӨЛЕШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×