Арда Тұран испандық «Атлетикоға» ауысты

18.08.2011, 02:33
Арда Тұран испандық «Атлетикоға» ауысты
Түрік футболының жарқын жұлдыздарының бірі - Арда Тұран испандық «Атлетикоға» ауысты. 2008 жылы еуропа чемпионатында көзге түскен жас талант осы уақытқа дейін Станбулдың «Галатасарай» клубында 145 кездесу өткізіп, 28 гол соққан. Ал ұлттық құрамасына 44 рет жасыл алаңға шығып, қарсылас қақпасына 11 доп тоғытқан. 24 жастағы футболшыны «Атлетико» 12 миллион еуроға бағалапты. 4 жылға жоспарланған келісім-шартта сондай-ақ қомақты ақшалай сыйақы жағы да қарастырылыпты. «Атлетико» клубының бас жаттықтырушысы Грегорио Мансана Арда Тұран осы маусымда негізгі құрамда ойнайтынын мәлімдеді. Төлеген Жұмабек
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×