«Камп Ноуда» қос тарлан тағы күш сынасады

18.08.2011, 02:37
«Камп Ноуда» қос тарлан тағы күш сынасады
Бүгін түнде Испания супер кубогы жолында «Реал» мен «Барселона» қарымта кездесулерін өткізеді. Алғашқы классикода «Сантьяго Бернабеу» стадионында каталондықтарды қабылдаған Жозе Моуринью шәкірттері 2:2 есебімен тең тарасқан. Өткен маусымда ішкі біріншілікте «Барселонаға» есе жіберген корольдік клуб алдағы кездесуге тас түйін дайындық үстінде. Естеріңізге сала кетсек,«Реал» супер кубокты 8 мәрте ұтса «Барселона» 9 рет мәртебелі кубокты басына көтерген. Хосеп Гвардиола тәлімгерлері де алғашқы кездесудің нәтижесі бойынша жеңіске жететін мүмкіндігі мол. «Камп Ноу» стадионын лық толтыратын жанкүйерлер бізге қолдау көрсетсе оныншы мәрте кубокты жеңіп аламыз деді өз сөзінде каталондық бапкер. Төлеген Жұмабек
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×