Чемпиондар лигасының 4-ші іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесулері өтті

18.08.2011, 02:39
Чемпиондар лигасының 4-ші іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесулері өтті
Француздардың Лионы Татарстанның Рубин командасын қабылдап, 3:1 есебімен басым түссе, ағылшындардың Арсеналы Италияндық Удинезені жеңді. Есеп:1:0. Беларустың БАТЭ-сы Австриялық Штурммен тең ойнады. Чемпиондар лигасының төртінші іріктеу кезеңінде Твенте мен Бенфиканың жолдары түйісті. Алғашқы матч Голландияда өтіп, командалар нәтижелі ойын көрсетті. Бірден басымдыққа ие болған Бенфика футболшылары орталық алаңдағы тізгінді қолдарында ұстаған еді. Алайда алаң қожайындарының өз ойлағаны бар екен. Бірден шабуылға кіріскен Твенте футболшылары, алғашқы ұмтылыстарын іске асырды. Люк де Йонг алтыншы минутта басталған шабуылға үн қосып, допты қақпаның бір бұрышына дәл бағыттады. Алаңдағы басымдыққа ие Португалия командасы ойынды өз қақпасына гол жіберіп алумен бастады. Бенфика он бес минуттан кейін нәтижелі жауап қатты. Пабло Аймар допқа талас кезінде сәтті ойнап, командаласы Оскар Кардосоны паспен жарылқады. Шабуылшы көп ойланбай-ақ қақпаның алыс бұрышын дәл көздеді. Португалия клубы гол соққаннан кейін, ойынды өз қолдарына алды. Тайм аяқталуға он минут қалғанда жартылай қорғаушы Мануэль Нолито мергендік танытып, қонақтарды келесі айналымға біртабан жақындатты. Екінші таймда Твенте есепті теңестірудің жолын іздеді. Артур қорғаған қақпаны нысанада ұстаған алаң иелері матчтың бітуіне он минут қалғанда жоспарларын жүзеге асырды. Ола Джон сол қапталдан суырылып шығып, алаңның екінші жиегіндегі Брайан Руисті паспен тапты. Өз кезегінде Коста-Рика футболшысы допты баспен қақпаға бұра салды. Қорытынды есеп:2:2. Енді шешуші кездесу бір аптадан кейін Бенфика алаңында өтеді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×