"Астана" чемпион?

20.10.2014, 20:25
"Астана" чемпион?
Xsy_IiykhCgФутбол 29 тур «Кайрат» — «Кайсар» 1:1 Футбол маусымы мәреге таяған сайын премьер лига командалары әрбір матчта ұпайдан шашау шығармау үшін барын салуда. Кезекті турда топ басындағы Қайрат өз алаңында Қызылорданың Қайсарын қабылдады. Бұл ойын Қайрат клубының тарихындағы 2222 ресми матчы болды. Бас төреші Асхат Абданбаев ысқырығы естілісімен алаң қожайындары шабуылға лап қойды. Ойынды әдеттегідей өз қолына алған Бауыржан Исламхан болды. Бірде Жерер Гоуды енді бірде Сито Риераны доппен қамтамасыз еткен. Алайда екеуі де шешуші сәттердер мүлт кетіп жатты. Бірінші таймда есте қалар сәттің бірі, Гоудың қақпашыны алдап өтіп бағыттаған соққысы болды. Алайда қорғаушы Антон Землянухин допты қақпа сызығынан қайтарып, қауіптің бұлтын сейілтты. Ал қонақтар қақпасының маңында айып добын орындаған Бауыржан Исламханның соққысы қақпа маңдайшасынан кері қайтты. Екінші тайм басталысымен Жерар Гоу тағы бір ұтымды тұстан мүлт кетті. Допты ыңғайына көндіре алмаған оның соққысы қақпадан жоғары кетті. Есесіне матч бойы қарымта шабуылдарға иек артқан қонақтар ойынның 53-ші минутында есеп ашты. Қайрат қорғаушыларының қателігін пайдаланған Владислав Нехтий 16 метрдей жерден Дмитрий Хомич қақпасын дәл көздеді. Өз жанкүйерлері алдында намысқа қамшы салған Қайрат  футболшылары есепті теңестіру үшін барын салды. Бұл ұмтылыстары ойынның 76-шы минутында өз жемісін берді. Кезекті орындалған бұрыштама добынан кейін Жерар Гоу мергендік танытып есепті теңестірді. Алаң иелері матч соңына дейін бірнеше шабуылдар ұйымдасмтырғанымен Қайсар қақпасын қайта нысанаға алуға қорғаушылар мүмкіндік бермеді. Дамир Даутов «Қайсар» футбол клубының қорғаушысы Нәтижеге көңіліміз толады. Өйткені өздеріңіз білесіздер Қайрат қазіргі таңда көш басындағы команда. Аламатыда бір ұпай еншілеу біз үшін үлкен табыс. Семейде жергілікті Спартак биылғы маусымдағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Павлодардың Ертісін қабылдаған Семейліктер 2-0 есебімен басымдық танытты. Бұл матчтағы екі доп та ойынның алғашқы таймында соғылды. 33-ші минутта бұрыштама добынан кейін Неманья Йованович Вячеслав Котляр қақпасын нысанаға дәл алса, араға бес минут салып алаң қожайындары таблодағы есепті еселеді. Қақпашы қателігін тиімді пайдаланған Еркебұлан Нұрғалиев болатын. /результаты тура/ 29-шы турда Шымкентте ойнаған Астаналықтар маңызды жеңістеріне қол жеткізді. Құрамынан Кетебоама мен Твумаси көзге түскен Астана клубы 2-1 есебімен Ордабасыны қапы қалдырды. Ақтөбе футболшылары да кезекті үш ұпайды қоржындарына салды. Шахтерді қабылдаған олар 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осы турдағы жалғыз тең ойын Тараз қаласында тіркелді. Тобылмен бақ сынаған алаң иелері 1:1 есебімен тең ойнады. Ал Жетісуды қабылдаған Атырау футболшылары 1:0 есебімен маңызды жеңіске жетті. Мергендер көшін әзірге 13 гол соққан Астана шабуылшысы Фокси Кетебоама бастап келеді. Турнир кестесі 1. Қайрат                      6   4   2   0  12 - 2       35 2. Астана                      5   4   1   0  16 - 3       33 3. Ақтөбе                      5   1   2   2   5 - 10      27 4. Ордабасы                 6   2   0   4   5 - 11      24 5. Қайсар                      7   1   4   2   3 - 5       23 6. Шахтер                    7   0   3   4   5 - 15      21   1. Тобыл                    7   2   3   2   7 - 5       22 2. Атырау                 7   3   1   3   7 - 8       22 3. Тараз                      7   3   3   1   8 - 5       22 4. Ертіс                      7   2   3   2   7 - 7       21 5. Жетісу                  7   1   2   4   3 - 10      19 6. Спартак               7   3   2   2  10 - 7       18   29 тур «Ордабасы» — «Астана» 1:2 «Ақтөбе» — «Шахтёр» 3:1 «Қайрат» — «Қайсар» 1:1 «Тараз» — «Тобыл» 1:1 «Спартак» — «Ертіс» 2:0 «Атырау» — «Жетісу» 1:0
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×