«Астана» – «Кайрат» матчы тікелей эфирде көрсетіледі

21.10.2014, 22:19
«Астана» – «Кайрат» матчы тікелей эфирде көрсетіледі

«Астана» мен «Қайрат» арасындағы футболдан Қазақстан чемпионаты 23-ші турының матчы 22 қазанда өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бұдан бұрын командалар арасындағы кездесу «Астананың» еурокубокқа қатысуына байланысты ауыстырылған еді. Қазір «Қайрат» ФК 35 ұпаймен бірінші орында, ал «Астана» 33 ұпаймен екінші орында тұр. Яғни, егер елордалық команда ертеңгі матчта жеңіске жетсе, ол көш бастайды. Бұған қоса, «Астана» алматылық командадан бір ойын кем өткізген.

Аталмыш кездесуді KazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Матчтың басталуы Астана уақыты бойынша сағат 19:30-да. 


 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×