«Астана» өз алаңында да «Ракувке» жол берді

29.07.2022, 03:54
Елордалық клуб Конференция лигасынан ұшып кетті.
«Астана» өз алаңында да «Ракувке» жол берді

«Астана» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Ракувпен» кездесті. «Астана Арена» стадионында өткен қарымта матч 1:0 есебімен польшалық клубтың пайдасына аяқталды.

Ойындағы жеңісті голды 16-минутта Владислав Кочергин соқты. Оның айып алаңының сыртынан бағыттаған соққысы Заруцкий қорғаған қақпаның тоғыздығына топ ете қалды.

Осылайша, «Ракувтен» екі матчтың қорытындысы бойынша 6:0 есебімен ұтылған Срджан Благоевич шәкірттері Конференция лигасынан ұшып кетті.

«Астана» – «Ракув» (Ченстохова, Польша) – 0:1 (жалпы есеп – 0:6)

«Астана»: Александр Заруцкий (қ) – Брайан Сильва (Станислав Басманов 74), Талғат Көсепов, Даниил Бескоровайный, Михаил Габышев – Денис Поляков, Макс Эбонг (к), Рай Влут – Педро Эуженио, Жереми Манзорро (Юрий Перцух 82), Абат Айымбетов (Тимур Досмағамбетов 32);

Қосалқы құрам: Марко Милошевич (қ) – Артём Рахманов, Камо Оганесян – Сұлтан Сағнаев, Марин Томасов – Владислав Прокопенко;

«Ракув»: Владан Ковачевич (қ) – Патрик Кун, Милан Рундич, Зоран Арсенич (к), Стратос Сварнас, Фран Тудор – Бен Ледерман (Фабиу Стургеон 83), Янис Папаниколау (Игор Сапала 56) – Владислав Кочергин (Шимон Чиж 77), Матеуш Вдовяк (Владислав Гутковский 83), Себастьян Муселик (Фабян Пясецкий 77);

Қосалқы құрам: Кацпер Трелевский (қ) – Богдан Раковитан, Оскар Кшижак – Виктор Длугош;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×