«Астана» қорғаушысы командадан кетуге жақын

07.12.2020, 01:42
Футболшы командадан өткен жазда кетуге тырысқан еді.
«Астана» қорғаушысы командадан кетуге жақын

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Астана» футболшысы Евгений Постников командадан кетуі мүмкін. Тәжірибелі қорғаушының клубпен келісімшарты 2021 жылға да жарамды, бірақ Постников командадан кету туралы шешім қабылдады.

Бұл жағдайда, "Астана" қорғаушыға бірнеше айлық жалақысын төлесе, тараптар өзара талап қоймай келісімшартты бұза алады.

Евгений Постников елордалық клубта 2014 жылдан бері ойнайды. Алты мәрте Қазақстан чемпионы атанды, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады. Ал Қазақстан құрамасы үшін сегіз матч өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×