Фернандеш 45 минут ішінде АПЛ рекордын орнатты

Абзалұлы Шерхан
Бас редактор
07.12.2020, 00:18
«МЮ» Фернандешке жаңа келісімшарт ұсынғысы келеді.
Фернандеш 45 минут ішінде АПЛ рекордын орнатты

Ағылшын Премьер-лигасының 11-ші туры аясында "қызыл сойқандар" сырт алаңда "Вест Хэмді" 1:3 есебімен жеңді.

"Манчестер Юнайтедтің" көшбасшысына айналған Бруно Фернандеш ойынның екінші жартысында алаңға алмасып кірді. Екінші таймның ішінде футболшы қарсылас қақпасына сегіз бірдей қауіпті сәт ұйымдастырған. Бұл көрсеткіш Ағылшын Премьер-лигасының жаңа рекорды болып табылады.


Ойын қортындысы бойынша Уле-Гуннар Сульшер шәкірттері турнир кестесінің төртінші орнына жайғасты. "Қызыл сойқандар" келесі ойынды 8-ші желтоқсан күні Чемпиондар Лигасында сырт алаңда "РБ Лейпцигке" қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×