Мбаппе «ПСЖ» тарихындағы сұрмергендер тізімінде төртінші орынға жайғасты

Абзалұлы Шерхан
Бас редактор
07.12.2020, 00:04
Тағы он гол соқса үздік үштікке енеді екен.
Мбаппе «ПСЖ» тарихындағы сұрмергендер тізімінде төртінші орынға жайғасты

Франция чемпионатында ПСЖ мен "Монпелье" арасындағы матч 3:1 есебімен аяқталды.

Аталған ойында шабуылшы Килиан Мбаппе клуб сапындағы 100-ші голын соғып, ПСЖ тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде төртінші орынға көтеріліп, голдар саны бойынша Доминик Роштомен теңесті.


Естеріңізге сала кетсек, ПСЖ тарихындағы ең үздік сұрмерген Эдинсон Кавани болып табылады. Уругвайлық шабуылшының еншісінде тура 200 гол бар.Ал екінші орында Златан Ибрагимович тұрса (156 гол), үшінші орынға португалиялық шабуылшы Резендеш Паулет (109 гол) жайғасты.

Мбаппе париждік клуб сапына 2018 жылы "Монакодан" келіп қосылған болатын. Ағымдағы маусымда шабуылшы барлық турнирлерді қосқанда 13 ойында 10 гол соғып, 7 нәтижелі пасымен көзге түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×