"Астана" Станимир Стойловқа жаңа келісім-шарт ұсына ма?

06.11.2015, 20:40
"Астана" Станимир Стойловқа жаңа келісім-шарт ұсына ма?
Болгариялық Gol.bg порталының хабарлауынша, клубтың мақсаты-Стойловты сақтап қалу.  "Астана" футбол клубы мен Станимир Стойлов арасындағы қазіргі келісім-шарттың күші маусымның аяғына дейін жарамды. Клуб басшылығы жаңа келісім-шарт дайындап жатыр. Мерзімі әлі белгісіз. Дегенмен, жалақысы 700 000 доллордан бір миллион доллорға дейін көтеріледі. "Астана" Стойловтың баптауымен былтыр Қазақстан чемпионы атанған еді. Команда ол атағын жексенбі күні ҚПЛ-дың соңғы турында, "Ақтөбеге" қарсы ойында қорғап қалуы мүмкін. Сондай ақ, Стойлов осы маусымда команданы Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×