"Барселона" ван Персимен келіссөз жүргізген

06.11.2015, 20:16
"Барселона" ван Персимен келіссөз жүргізген
Католондық клуб басшылығы нидерландық шабуылшымен бірнеше рет кездесіпті. "Арсенал" мен "Манчестер Юнайтед" сапында әлемнің үздік шабуылшыларының бірі деген атақты иемденген Робин ван Персидің әлі де болса топ-клубта өнер көрсететін мүмкіндігі бар. Барселонаның бас жаттықтырушысы Луис Энрике, Суареспен бәсекелес бола алардай шабуылшы іздеу үстінде. Бапкердің қалауымен скауттар ван Персимен бірнеше рет кездесіп, келіссөздер жүргізуге ұмтылған көрінеді. Еске сала кетсек, Робин ван Перси жазда түркиялық "Фенербахче" клубына ауысқан еді. Футболшы Түркия Суперлигасында 10 ойын өткізіп, 4 гол соғып, 1 нәтижелі пастың авторы атанған.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×