«Астанаға» трансферлік тыйым салынды

08.10.2021, 00:52
«Астана» даниялық клубқа қарыз екен.
«Астанаға» трансферлік тыйым салынды

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Астанаға" "Копенгаген" ФК алдындағы қарызына байланысты жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салынды.

Елордалық клуб шабуылшы Пьерос Сотириудың трансфері үшін даниялық "Копенгагенге" қарыз болып қалды. Бұл қарыздың өтеу мерзімі аяқталды, ал даниялықтар ФИФА-ға шағым түсірді. Нәтижесінде аталмыш ұйым "Астанаға" жаңадан келгендерді тіркеуге тыйым салды.

Әңгіме қарыздың барлығын төлеу туралы емес, тек осы жылға жоспарланған қарыз туралы ғана болып отыр. "Астана" бұл қарызды жазда және күзде төлеуі керек еді, бірақ "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры барлық берешекті жою үшін үлкен көлемде қаражат бөлгеніне қарамастан, қарыз төленбеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×