«АСТАНАНЫҢ» АЛТЫ ОЙЫНШЫСЫ ПРЕМЬЕР-ЛИГАНЫҢ ҮЗДІК 33 ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІНЕ ЕНДІ

21.12.2011, 00:29
«АСТАНАНЫҢ» АЛТЫ ОЙЫНШЫСЫ ПРЕМЬЕР-ЛИГАНЫҢ ҮЗДІК 33 ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІНЕ ЕНДІ

Ұлттық Футбол Лигасы командалардың бас бапкерлерін сұрастыру арқылы 2011 жылдың Премьер-Лигасының үздік 33 футболшылардың тізімін құрастырды. Еліміздің үздік футболшылардың арасында астаналық футбол клубының бірден алты футболшысы бар екендігі – қуанышты жайт. Онымен бірге олардың үшеуі өзінің ойындық позициясы бойынша бірінші орынға ие болып, 2011 жылдың Қазақстан Премьер-Лигасының символикалық құрамасына кірді. Өздерінің позицияларында үздік болып қақпашы Ненад Эрич атанды, ол Қазақстан құрамасының қақпашылары  Владимир Логиновский мен Александр Мокинді озып шықты. Қайрат Нұрдәулетов орталық жартылай қорғаушылардың тізімінде бірінші орында, ал Нұрбол Жұмасқалиев шабуылшы орталық жартылай қорғаушылардың позициясында жетекші орынға ие. Екінші орындарда  Михаил Рожков пен Драган Богавац орналасты. Рожков «сол-орталық қорғаушы» позициясы бойынша екінші орынға ие болды, ал Богавац сол жартылай қорғаушылардың арасында екінші орынды жеңіп алып, бірінші орынға Жамбыл Кукеевті өткізіп жіберді, Жамбыл болса келесі маусымды астаналық футбол клубының футболкасын киіп өткізеді. Осы тізімдегі «Астананың» алтыншы өкілі болып форвард Игорь Бугаев шықты. Ол «оң шабуылшылардың» арасында үшінші орынға ие болды.
33 үздік футболшылардың жалпы тізімі:
Қақпашылар:
1. Ненад Эрич («Астана»)
2. Владимир Логиновский («Жетісу»)
3. Александр Мокин («Шахтер»)
Оң қорғаушылар:
1. Антон Чичулин («Ақтөбе»)
2. Нұртас Кургулин («Тараз»)
3. Самат Смаков («Ақтөбе»)
Сол қорғаушылар:
1. Александр Киров («Астана» / «Шахтер»)
2. Эмиль Кенжисариев («Ақтөбе»)
3. Вячеслав Соболев («Тараз»)
Оң орталық қорғаушылар:
1. Мұхтар Мұхтаров («Ордабасы»)
2. Алдин Джидич («Шахтер»)
3. Арунас Климавичус («Жетісу»)
Сол орталық қорғаушылар:
1. Никола Василевич («Шахтер»)
2. Михаил Рожков («Астана»)
3. Юрий Логвиненко («Ақтөбе»)
Орталық жартылай қорғаушылар:
1. Қайрат Нұрдәулетов («Астана»)
2. Артем Касьянов (Ордабасы)
3. Виталий Евстигнеев («Ордабасы»)
Оң жартылай қорғаушылар:
1. Ұлан Қонысбаев («Астана» / «Шахтер»)
2. Малик Мане («Ақтөбе»)
3. Азат Нұрғалиев («Ордабасы»)
Сол жартылай қорғаушылар:
1. Жамбыл Кукеев («Шахтер»)
2. Драган Богавац («Астана»)
3. Серікжан Мужиков («Жетісу»)
Шабуылшы орталық жартылай қорғаушылар:
1. Нұрбол Жұмасқалиев («Астана»)
2. Марат Хайруллин («Ақтөбе»)
3. Қайрат Аширбеков («Ордабасы»)
Оң шабуылшылар:
1. Улугбек Бакаев («Жетісу»)
2. Сергей Гридин («Тобол»)
3. Игорь Бугаев («Астана»)
Сол шабуылшылар:
1. Сергей Хижниченко («Шахтер»)
2. Сергей Остапенко («Жетісу»)
3. Дәуренбек Тажімбетов («Ордабасы»)
2011 жылдың Қазақстан Премьер-Лигасының символикалық құрамасы:
Ненад Эрич («Астана») — Антон Чичулин («Ақтөбе»), Александр Киров («Астана» / «Шахтер»), Мұхтар Мұхтаров («Ордабасы»), Никола Василевич («Шахтер») — Қайрат Нұрдәулетов («Астана»), Ұлан Қонысбаев(«Астана» / «Шахтер»), Жамбыл Кукеев («Шахтер»), Нұрбол Жұмасқалиев («Астана») — Улугбек Бакаев («Жетісу»), Сергей Хижниченко («Шахтер»).
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Алдыңғы жаңалық
ӨЗ СӨЗІҢДЕ ТҰРДЫ
Aladop Youtube
×