ӨЗ СӨЗІҢДЕ ТҰРДЫ

21.12.2011, 00:28
ӨЗ СӨЗІҢДЕ ТҰРДЫ
Осы аптада Қазақстан футбол құрамасының капитаны Қайрат Нұрдәулетов «Астана» клубымен жасалынған келісімшартының мерзімін созды. 29-жасар орталық қорғаушының өткен маусымда күміс медальге қол жеткізген талдықорғандық «Жетісуға» көшетіні туралы сыбыс болды. Қайраттың өзі талдықорғандықтармен келіссөздер өткізгенін жасырмайды: - «Жетісу» маған өте тиімді ұсыныс жасады, одан бас тарту өте ауыр болды. Алайда мен «Астананың» жетекшілеріне осы клубта қалуға уәде бердім. Нұрдәулетовтен басқа өзінің клубпен келісімшартының мерзімін еліміздің құрамасының тағы да бір ойыншысы созды, ол - Марат Шахметов. Бұл 22-жасар жартылай қорғаушы үшін 2012 жылдың маусымы «Астананың» құрамында өткізілген төртінші маусым болып табылады. Айта кетсек, Шахметов осы клубта өткізілген ойындардың саны бойынша рекордсмені атанды. Мараттың қоржыныңда - «Астанада» өткізілген 77 ойын. Автор: Аскат Жакаев
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×