«Астон Вилла» франциялық қорғаушымен келісім-шарт жасасты

14.01.2022, 03:26
Бирмингемдік клуб қысқы трансферлік терезеде белсенді жұмыс істеуде.
«Астон Вилла» франциялық қорғаушымен келісім-шарт жасасты

«Эвертонның» қорғаушысы Люка Динь «Астон Вилламен» келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды бирмингемдік клубтың баспасөз қызметі.

Трансфер құны 27 миллион еуроны құрады, футболшы жаңа командада дәл осы нөмірмен ойнау туралы шешім қабылдады. Бұған дейін Астон Вилла «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Филиппе Коутиньоны жалға алған болатын.

28 жастағы Динь англиялық клубқа 2018 жылдың жазында «Барселонадан» ауысты. Қорғаушы Премьер-лиганың осы маусымында 13 ойын өткізді. Футболшы Франция құрамасына тұрақты түрде шақырту алып жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×