«Тараз» жаңа басшылық пен бапкерлік штабты таныстырды

14.01.2022, 10:30
Жамбылдық клуб жергілікті мамандарға сенім артты.
«Тараз» жаңа басшылық пен бапкерлік штабты таныстырды

«Тараз» футбол клубының базасында команда ойыншыларына клуб басшылығы мен жаттықтырушылар құрамы таныстырылды.

Жамбылдың тумасы, бір кездері «Тараздың» намысын қорғаған футболшы Жандос Ахметов клубтың басшысы болып тағайындалды. Сондай-ақ оның жаңа қызметке оң әсерін тигізетін іскерлік тәжірибесі бар. Оған орынбасарлары Қайыржан Андақұлов пен Дәулет Ұлымбеков көмектеседі.

Ал команданы жергілікті футболдың түлегі Нұркен Мазбаев жаттықтырады, ол 2018 жылы спорт директоры ретінде еңбек етті және команданың тізгінін ұстап, Бірінші лигадан Премьер-лигаға шығарды. Оған Ерлан Елеусінов, Нұрмат Мырзабаев көмектеседі, ал Азамат Ниязымбетов қайтадан клубтың спорт директоры болып тағайындалды.

Сонымен қатар жамбылдық клубтың түлегі Азиз Анарметов бас бапкердің тағы бір көмекшісі болса, Александр Глущенко қақпашыларды дайындауды жалғастырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×