Нұркен Мәзбаев: «Жүктелген міндеттерді орындай аламыз деп сенемін»

14.01.2022, 16:51
Қазақстандық маман бұған дейін де «Таразда» жұмыс істеген.
Нұркен Мәзбаев: «Жүктелген міндеттерді орындай аламыз деп сенемін»

«Тараздың» бас бапкері болып тағайындалған Нұркен Мәзбаев биылғы маусымда жақсы нәтижеден үмітті екенін жеткізді.

- Өзімнің туған командама оралғаныма өте қуаныштымын. Бүгінде елде күрделі саяси жағдай қалыптасқанын білесіздер, бірақ өмір бірте-бірте түзеліп келеді, енді футбол туралы ойлану керек. Пікірлес адамдардан команда құрып, жүктелген міндеттерді орындай аламыз деп сенемін. Бізде футболдан тыс әңгіменің аз болғанын қалаймын, сонда барлығына жұмыс істеу оңай болады. Жақын арада мен ойыншылармен жеке сөйлесіп, олардың командаға деген көзқарасын тыңдаймын. Жақсы нәтиже көрсетеміз деген үміттемін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×