"Атлетико" Астанаға келіп жетті

02.11.2015, 20:21
"Атлетико" Астанаға келіп жетті
Қарашаның 3-і күні "Астана-Арена" стадионында Чемпиондар Лигасының топтық кезең аясында "Астана" мен "Атлетико" өзара матч өткізеді.  Қос команда арасындағы Мадридте өткен алғашқы ойын 4:0 есебімен Симоне шәкірттерінің пайдасына шешілді. Сол ойыннан кейін аргентиналық бапкер Астанаға мықты құраммен барамыз деген еді. Айтқанындай-ақ, Симоне негізгі командадағы жігіттердің бәрін алып келді. Айта кетейік, "Астана" мен "Атлетико" арасындағы кездесуді "Таң" телеарнасы тікелей эфирде таратпақ. "Астана-Аренадан" тікелей көрсетілім сағат 21:00-де басталады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×