Суарес: "Команда әлемнің үздік футболшысы Мессиді сағынды"

02.11.2015, 01:27
Суарес: "Команда әлемнің үздік футболшысы Мессиді сағынды"
Луис Суарес "Хетафеге" қарсы жеңісті ойынан кейін журналистерге сұхбат берді Барселона шабуылшысы 2:0 есебімен аяқталған матчтан соң өз ойымен бөлісті. Еске сала кетсек, "блауграна" қонақта "Хетафені" тізе бүктіріп "Реал Мадридпен" Ла Лиганың көшін бастады. Екі голдың біреуін уругвайлық сұрмерген өз атына жазды. Ал, екінші нәтижелі соққының авторы-Неймар.
"Біз ойынның басынан аяғына дейін жағдайды өз қолымызда ұстадық. Алаңда бос қалған кеңістіктерді пайдаландық. Мен алаңда әуелі жеке бастың шеберлігіне, кейін әріптестеріме сенемін. Бүгінгі соққан голымның жартысы Серхи Робертоның еншісінде. Маған тамаша пас берді. Месси? Біз, яғни команда әлемнің үздік футболшысын сағындық"
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×