"Манчестер Юнайтед" Гарет Бэйлдың қыр соңынан қалар емес

02.11.2015, 01:15
"Манчестер Юнайтед" Гарет Бэйлдың қыр соңынан қалар емес
Манкуниандықтар Бэйлды Тұманды Альбионға қайтарудан дәмелі "Манчестер Юнайтед" қаңтар айында "Реал Мадридке" Бэйл жөнінде ұсыныс жасамақ. Алғашқы ұсынылатын сомма 90 миллион еуроның көлемінде деп хабарлайды Sunday People.  Айта кетейік, ағылшындар өткен жазда "Реал Мадридпен" хабарласқанымен, "патшалық клуб" басшылығы Бэйлды сатудан бас тартқан еді. Еске сала кетсек, 2013-ші жылы "Реал Мадрид" әмбебап жартылайқорғаушыны "Тоттенхэмнан" 86 миллион еуроға сатып алған болатын. Трансферлік базарда 20 жасар футболшының құны 56 миллион еуро. Ал, клуб пен арадағы келісімшарттың мерзімі 2019-шы жылдың жазына дейін.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×