"Атлетико" "Астананы" тас-талқан етті

22.10.2015, 14:16
"Атлетико" "Астананы" тас-талқан етті
Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің 3-ші турында "Астананың" жартылай қосалқы құрамы Мадридте ірі есеппен жеңілді. Матчтың басынан бастап ойын тізгінің өз қолдарына алған "матрасниктер" бірінші тайм ортасында қос гол соқты. Алғаш болып 23-ші минутында Сауль көзге түссе, араға 6 минут салып Джексон Мартинес есепті еселеп кетті. Үзілістен кейін де ойын барысы өзгерген жоқ. 63-ші минутта Оливье Торрес өз командасының үшінші голын соқса, Астанада қалған Аничичтің орның жоқтатпауға тиіс болған Дедечко матч аяқталар тұста Эрич қорғаған қақпаға гол соғып алды. Қорытынды есеп 4:0. Осы топтағы екінші кездесуде "Галатасарай" өз алаңында "Бенфиканы" жеңіп топтағы жағдайды шиеленістіріп жіберді. Жылдам гол жіберіп алған түріктер бірінші тайм аяқталмай жатып ақ, есепте алға шығып үлгерді. Түркиялық ұжым үшін жеңісті есеп ойын аяғына дейін сақталып қалды. Чемпиондар Лигасы. Топтық кезең. C тобы. 3-ші тур. "Атлетико М" – "Астана" 4:0 (2:0) Голдар:Сауль, 23 (1:0); Мартинес, 29 (2:0); Оливер, 63 (3:0); Дедечко, 89 (4:0, автогол). "Галатасарай" – "Бенфика" 2:1 (2:1) Голдар:Гайтан, 2 (0:1); Инан, 19 (1:1, пен); Подольски, 33 (2:1).
1   БЕНФИКА 3 2 0 1 5-3 6
2   АТЛЕТИКО 3 2 0 1 7-2 6
3   ГАЛАТАСАРАЙ 3 1 1 1 4-5 4
4   АСТАНА 3 0 1 2 2-8 1

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×