Бензема "ПСЖ"-ға қарсы ойынға қатыса алмайды.

21.10.2015, 18:18
Бензема "ПСЖ"-ға қарсы ойынға қатыса алмайды.
Француздық сұрмерген жарақатын жазып үлгермеді.  "Реал Мадрид" командасының негізгі шабуылшысы Кәрім Бензема Чемпиондар Лигасының топтық кезеңі аясындағы "ПСЖ"-ға қарсы кездесуде алаңға шыға алмайды. Біраз күн бұрын Франция ұлттық құрамасы жолдастық кездесу өткізген кезде Бензама жарақат алып қалған еді. Шабуылшы Испан Премьерасындағы "Левантемен" болған матчқа да қатыса алмаған еді. Айта кету керек, "патшалық клуб" сапындағы жарақат кедергі болып отырған жалғыз футболшы емес. Франция чемпионына қарсы ойында Мадридке Гарет Бэйл, Хамес Родригес, Пепе, Карвахаль секілді негізі құрам футболшылары да қатыса алмайды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×