"Атлетико" Туранды "Барселонаға" жіберді

06.07.2015, 02:19
"Атлетико" Туранды "Барселонаға" жіберді
Екі жақ трансфер жайлы келісіп қойды.  Католондық ұжым матрасниктерге 34 миллион еуро қаржы беруге көнді деп хабарлады El Mundo Departivo басылымы. Сонымен қатар, түркиялық футболшы болашақта "Барселона" сапында нәтижелі ойын көрсетсе мадридтік клубтың қазынасы тағы да 7 миллион еуроға байымақ. Ал, Туранның "Барселонаға" қашан ауысатыны жайлы мәлімет жоқ. Еске сала кетсек "блауграна" 2016-жылдың қаңтарына дейін жаңа ойыншыны команда сапына қоса алмайды. Сатып алған жағдайда басқа клубқа жалға беруге мәжбүр. Сондықтан, келер маусымды Арда "Атлетико" сапында бастауы әбден мүмкін. Мадридке жартылай қорғаушы 4 жыл бұрын келген еді. Осы маусымда 28 жасар футболшы 32 ойында 2 гол салып, 4 нәтижелі пастың авторы атанған.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×