Тимощук мансабын «Қайрат» командасында жалғастыратын болды

05.07.2015, 22:52
Тимощук мансабын «Қайрат» командасында жалғастыратын болды
Украиналық футболшы Анатолий Тимощук алдағы мансабын Қазақстанда жалғастыратын болды. Бұл туралы алматылық «Қайрат» клубының http://www.fckairat.kz/ сайты мәлемдеді.    36 жастағы футболшы «Зенит» командасымен келісімшарты біткен соң, өзіне жаңа клуб іздеген. Сол аралықта алматылық «Қайрат» клубының басшылығы тәжірибелі футболшыға ұсыныс тастады. Көп ұзамай футболшы өз келісімін берді. Келісімшарт мерзімі  1,5 жылға жасалды. Тимощук жаңа командасында 44 нөмірмен өнер көрсететін болды. Осыдан бірнеше күн бұрын Алматы қаласына келіп «Қайрат» клубында қонақта болған Тимощук елордалық «Астанамен» өткен ойынды тамашалаған болатын. Футболшы бұған дейін украиналық «Волынь», «Шахтер», ресейлік «Зенит» және мюнхендік «Бавария» клубтарында ойнаған. Тимощук «Зенитпен»  2 рет Ресей біріншілігін (2007, 2015), Ресей Суперкубогын (2008), УЕФА  Кубогын(2008) және УЕФА Суперкубогын (2008) жеңіп алған. «Бавария» командасымен 2 рет Бундеслиганы (2009/10, 2012/13), 2 рет Кубокты (2009/10, 2012/13) және Германия Суперкубогын (2010, 2012), Чемпиондар Лигасын ұтқан.  (2012/13). Туған жылы:  30 наурыз 1979 Бойы:  181 см Салмағы:  70 кг Алаңдағы орны:  Орталық жартылай қорғаушы Азаматтығы:  Украина Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×