«Атырау» мен «Тұран» тең тарқасты

12.09.2021, 01:00
Қос команда да турнирлік кестедегі позицияларын сақтап қалды.
«Атырау» мен «Тұран» тең тарқасты

«Атырау» Қазақстан Премьер-лигасының 20-турында «Тұран» клубымен кездесті. Атыраудағы «Мұнайшы» стадионында өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

Ойынның 20-минутында «Тұран» есеп ашты. Александр Чиж бұл голды өз атына жазды. Бірақ 42-минутта Даниэль Стойкович таразы басын теңестірді. Ал 72-минута Самир Фазли «Тұран» жейдесіндегі алғашқы голын соқты. 81-минутта Брайан айып добын тамаша орындап, командасына бір ұпай сыйлады.

«Атырау» бұл ойыннан кейін 26 ұпаймен жетінші орында қала берді. Ал түркістандық клуб 19 ұпаймен он екінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×