Қазақстан әйелдер құрамасының Уэльс пен Грекияға қарсы ойынға арналған құрамы жарияланды

11.09.2021, 22:49
Калоян Петков шәкірттерінің дайындығы Талғардағы ұлттық құраманың оқу-жаттығу базасында өтеді.
Қазақстан әйелдер құрамасының Уэльс пен Грекияға қарсы ойынға арналған құрамы жарияланды

Жаңа ойындар қарсаңында Қазақстан әйелдер құрамасының жаттықтырушылар құрамы ойыншылардың тізімін жариялады.

Калоян Петков шәкірттерінің дайындығы Талғардағы ұлттық құраманың оқу-жаттығу базасында өтеді. Қыркүйек айында Қазақстан құрамасы екі ойын сырт алаңда өткізеді.

Уэльс пен Қазақстан әйелдер құрамаларының ойыны 17 қыркүйекке жоспарланған. Матч Лланелли қаласы «Парк-И-Скарлетс» стадионында өтеді.

21 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Грекиямен ойнайды. Матчты Патры қаласындағы «Пампелопоннисиако» стадионы қабылдайды.

Қазақстан әйелдер құрамасының оқу-жаттығу жиыны 14 қыркүйекке дейін жалғасады.

Қақпашылар: Ангелина Портнова, Ирина Саратовцева (екеуі де – №8 БЖМОРСМ)

Қорғаушылар: Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей), Александра Бурова, Мария Демидова (екеуі де – «БИІК-Қазығұрт»), Бибігүл Нұрышева, Құндыз Қожахмет, Әйгерім Айтымова, Татьяна Сосновская (барлығы – «Томирис-Тұран»);

Жартылай қорғаушылар: Анастасия Власова, Фатима Сатығалиева (екеуі де – «Оқжетпес»), Ксения Хайрулина, Карина Жұмабайқызы, Мадина Жанатаева (барлығы – «БИІК-Қазығұрт»), Әселхан Тұрлыбекова, Айша Садықова (екеуі де – «Томирис-Тұран»).

Шабуылшылар: Бегаим Қырғызбаева («Оқжетпес»), Светлана Бортникова («БИІК-Қазығұрт»);

Бапкерлер құрамы: Калоян Петков – бас бапкер, Искандар Геймат – бас бапкердің көмекшісі, Мәдина Шойкина – қақпашылардың жаттықтырушысы, Светлана Бейбутова – дәрігер, Евгения Ларина – массажист, Данияр Анес – менеджер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×