«Қызыл-Жар» «Қайсарды» сенімді түрде жеңді

11.09.2021, 22:00
Петропавлдық клуб төртінші орынын нықтап бекітті.
«Қызыл-Жар» «Қайсарды» сенімді түрде жеңді

Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты өз жалғасын тапты. 20-тур матчында «Қызыл-Жар» «Қайсарды» қабылдады. Кездесу Петропавлдағы «Қарасай» стадионында өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.

Ойындағы алғашқы гол 61-минутта соғылды. «Қайсар» қақпашысы Марсель Исламқұлов Мусса Конеге қарсы ойын тәртібін бұзғандықтан, алаң иелері пенальти тебу құқығына ие болды. Ал бұл мүмкіндікті Әлібек Қасым мүлт жібермеді. Матчтың аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Тимур Мульдинов есепті еселеді.

Петропавлдық клуб бұл ойыннан кейін 32 ұпаймен турнирлік кестеде 4-орынын сақтап қалды. Ал Владимир Никитенко шәкірттері 15 ұпаймен 13-орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×